Басты бет · 1960-70 жылдар

Суи түстi сұрғылт аспан…

Суи түстi сұрғылт аспан, кешкi леп,
Жаз қақпасын Күздiң қолы шаққа ашты.
Тұла бойын мөлдiр тамшы тескiлеп,
жапырақты бiр сары ала дат басты.
 

Кемпiрқосақ — сынған жарты сырға дәл,
тұра қалды көгiнде зор шатырдың.
Жылы жаққа барады ұшып тырналар,
үшкiрленiп жебесiндей батырдың.
 

Олар назын жырлап бар жатқандай,
жарқын жазды ұрлап бара жатқандай.
Желдiң сазын тыңлап бара жатқандай,
қос қанатын бұлғап бара жатқандай…
 
1962