Дамылсыз соқты жел өкпек,
адырлар жатыр тыныстап.
Ақ жаңбыр құйды шелектеп,
су ақты қырдан жылыстап.
Шулайды иiн тiресiп,
дарияда толқын таласа.
Далада тұрған гүл өсiп
тосады бетiн балаша.
Көкпеңбек дүния көз алдың,
өзгердi өлке не деген!
Сәулесiн — қолын созар Күн
жеткенше Жерге — төбеден.
1962