Теңiзге барып күн қонды,
жел тынды айтар сөз қалмай.
Ақ бұлтты көрiп жым болды,
елгезек, құйттай бозторғай.
Соңғы рет сүйдi талды аптап,
маужырай қалды терiскен.
Шұбалтып соңда шаңды әппақ,
мал құлап келедi өрiстен.
Керiлдi айдын ерiншек,
дарияға сәуле құлады.
…Қызықтап бәрiн келiншек,
күбiсiн пiспей тұр әлi.
1962