Басты бет · 1960-70 жылдар

Бұлттан бейне сынғандай…

Бұлттан бейне сынғандай,
ақ ұлпа жерге түстi де,
құдды мен дәрiгер болғандай,
ақ халат жапты үстiме.
 

Ақ көйлек кидi асулар,
ақ көрпе жапты қырқаны.
Қимайсың тiпте басуға
үлпiлдек, нәзiк ұлпаны.
 

1961