Сыртыңнан, сәулем, сенi күнде көрем,
боламын сыр бермеген, үндемеген.
Жайқалып бүрiн ашпай өмiрде әлi,
жас қана қызғалдақ ем гүлдемеген.
Сен алғаш жас жанымды менi тебiренттiң,
бiр сәуле кеуiлiме берiп өттiң.
Жарқылдап жүрсем де ендi, сен жоқ жерде
болмады қызығылығы төңiректiң.
Асатын алдымдағы көп асуда
жәрдемшiм, бiр қанатым боласың ба?
Аққу боп менi алыстан аңсап ұшқан,
көлiне ақ кеулiмнiң қонасың ба?
1961 жыл