Басты бет · 1960-70 жылдар

Сауық пен сайран жерiттi…

Сауық пен сайран жерiттi,
отырмын кезбей көшенi.
Сандалдық, шаптық, — не бiттi?
қалғаны — қудың өсегi.
 

Дырдудан ендi құтылып,
көз салсам барлап өткенге,
алмастан бiр iстi бiтiрiп,
қыздарды қуып кеткем бе?
 

Сонда осы болды бұ қалай,
көрмегем нағып жан-жақты?
Жолдарым жүрген ұнамай,
отырмын тiстеп бармақты…
 

1965 жыл