Басты бет · 1960-70 жылдар

Санаспас алғы күндермен…

Санаспас алғы күндермен,
өлексе шоқу — бiлгенi.
Көрiнген құсты күндеумен,
далпылдап ұшып жүргенi.
 
Сыртынан түрi сымбатты-ақ,
қалпы бар шыңға қонардай.
Ол үшiн жемтiк күн қақтап
далада қалған томардай.
 
Парықсыз жүрiп ойланбай,
не бықсық сөзден танбаған,
кей жанның құйып қойғандай,
мiнез қалмас қарғадан.
 
1962