Басты бет · 1971-93 жылдар

Кемсiтiп қарағандай өр басыңа…

Кемсiтiп қарағандай өр басыңа,
шымшылап бiр сөз айтқан жолдасыңа,
тiл қатып, шымшылаумен түртiп түлен,
жатамыз тас-талқан боп болмашыға.
 

Құрметпен қарағандай өр басыңа,
қолпаштап бiр сөз айтқан жолдасыңа,
тiл қатып қолпаштаумен түртпей түлен,
жатамыз дән-ырза боп болмашыға.
 

Бұл не өзi? Сөйлейсiншi ол басынып,
мақтасын сол түлендi көр жасырып.
Түлендi болмашыға билеткiзген
түбiнде құртпаса едi болмашылық.
 

1971 жыл