Басты бет · 1960-70 жылдар

Дүрiн көрсем бiреудiң…

Дүрiн көрсем бiреудiң,
болсам дағы iзгi адам,
жүзi жасып жiгердiң,
о масқара… қызғанам.

Жәнә терең ойламай,
зауық қашып, күш кемiп,
көрмедiм деп мен қалай,
жатып алам тiстенiп.

Сосын…
орнап жанға әлек,
таппай тыным талай түн,
сондай асыл бар ма де,
жан-жағыма қараймын.

Ақырында… нәсiл бар
түсiрмеген торына,
жарқылдаған асылдар
қонады кеп қолыма.

Заматында жүз жанып,
шұғыласын ол бiр үзбейдi.
Оны көрген… қызғанып,
айналадан iздейдi.

Тапса ол дағы, — басқа адам
қызғанады… қызғаныш
бiр қиырға бастаған
салмақ жұртты iзге алыс.

Қара бұған шошынбай,
жәй жүргенше жүз налып.
Өтсем болды осындай
қызғанышты… қызғанып.

1967 жыл