Басты бет · 1960-70 жылдар

Дарияға бiрде кешкiлiк…

Дарияға бiрде кешкiлiк,
келдiк те, тұрдық жағада.
Қалды ма бiзден сескенiп,
дүрлiгiп ұшты шағала.
 
Малынған дала шаңына,
тып-тиыш тұрды бар маңай.
Айдыны алып дария
жарқырап жатты айнадай.
 
Көргендей сурет соны бiр,
толықсып тұрдың сен үнсiз.
Айдындай болып көңiлiм,
толықсып тұрдым мен үнсiз…
 
1962