Басты бет · 1960-70 жылдар

Бұл өмiрге келгенiмде күлiмдеп…

Бұл өмiрге келгенiмде күлiмдеп,
тiк көтердi жерден әкем ұлым деп.
Қуанғаннан көзiне анам жас алды,
бар шаттығын iштей ғана күбiрлеп.
 
Құшағымды — көңiлiмдi елге ашып,
барам әлi бақыт дейтiн өрге асып.
Қуанса екен жақсы iсiме адамдар,
тiршiлiкте жүргенiмде жер басып.
 
1962