Жықпыл Роман
Тоқшылықтың көзiнiң iлiккенi жаңа бiр әзiрде ғана едi. Таң азаннан қызыл ешектiң құлақ жара ақырғанынан ұйқысы шайдай ашылып кеттi. Тоқшылықтың ерiнiп, көзiн ашқысы келмедi. Соны күтiп тұрғандай қасақы ешек тағы да iшiн тарта қылғынып, ұзақ ақырды. Тоқшылық көзiн қанша тарса жұмғанымен, ендi ұйқыдан маза қашқанын бiлдi де, үстiнен шыт көрпенi серпiп тастап, орнынан тұрды.
Кітапты оқу