Басты бет · Кітаптары

Ұлы сел 1-том

Төрт кітапты рәуәййат-роман

1973 · 1 / 149 бет

Қуаңдарияның шыбын-шiркейi аз, қамысы жоқ жайпауыт жағасында отырған ауыл кiсiлерi шошынып, үйлерiнен атып-атып шықты. Жаманшылықты көп көрiп, зәрелерi ұшып, запы боп қалған үлкендер жағы әлден тiксiнiп, астындағы атын басқа-көзге қарамай сабалап, қақпа шекпенiнiң шалғайы далпылдап шауып келе жатқан кiсiге абыржи қарады.

Кітапты оқу
Ұлы сел 1-том — 1-бет

← / → пернетақта арқылы парақтаңыз · бетті үлкейту үшін басыңыз